03 маусым 2014 16:44

Хюрем Хатун күмістері қазақ қыздарының түсіне кіріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Асыл металдың қасиетін ата-бабаларымыз әлдеқашан-ақ біліп, күмістен білезік, күмістен шолпы соққаны белгілі. Алтынды анда-санда айтқанымен, күмісті көбірек ән-жырға арқау еткен. Демек жарқыраған алтыннан гөрі күмістің көбірек пайдасы барын білгені де. Жаңа туған нәрестені де күміс шақа салынған суға шомылдырған. Асыл металдың адам ағзасынан жаман энергияны «қуып» шығатын да қасиеті бар екенін білген. "Алаш айнасы" осы мәселе жайында ой толғайды.

Сөйтіп осы сұр түсті металға көп көңіл бөліп, қажетіне жаратып отырған. Бертінге дейін қазақы ою бедерленген күміс білезіктерді тек апа-әжелеріміздің ғана қолынан көретінбіз. Бүгінде алтынмен апталғаннан шаршап, күміспен күптелуге ниет еткендер жетерлік. Базар толы күміс сататын саудагерлерге лықа толды. Кезінде күмісті көзге ілмейтіндер бүгінде құлаққа сырғасын, қолына сақинасын салып сықырлатып жүр. Жанып тұрған сәнге айналды десе де болады. Қытай мен Қазақстанның арасын жол қылып, зергерлік бұйым таситындардың қатары да көбейіп келеді. Мұның бәрі де аларманның сұранысының арқасында әрине. Сұраныс болмаса сауданың қазаны қайнамайтыны белгілі. 925 сынамалы күміс бұйымдардың дәурені жүріп-ақ тұр. Алтын саудасының көлеңкелі тұстары күміс базарын да айналып өткен жоқ. Заңсыз зергерлік бұйымдар саудасын қыздырып, қараңғылау жағын ықтап жүріп бизнесін өркендетіп жүргендер де баршылық. Бұрын заңсыз алтын бұйымдарын алып өтпек болыпты дегенді жиі естуші едік. Енді күміспен де қақпанға да түсіп жатқандар жоқ емес. Жуырда ғана Алматы қаласында 16 келі күміс бұйымдарын кеденнен заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілген болатын. Яғни, бүгінде күміс бұйымдарға деген сұраныс орасан. Соны пайдаланып қазына қазанына бір тиын да түсірмей қалтасының қамын күйттеушілер де табылуда. Қыз-келіншектің көзі қызылда екені белгілі. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдарға деген қызығушылықты көріп жүрген сериалдарынан да «жұқтырып» алуы ғажап емес. Мәселен кореялық және түркиялық сериалдарда осы күміс әшекей бұйымдарын жарнамалайды десе де болғандай. Әсіресе түріктің «Сұлтан Сүлейман» сериалындағы ханшайымдарының әшекей бұйымдары көздің жауын алатыны рас. Көргеніне қол жеткізбей қоймайтын бұрымдыларымыздың арқасында шүкір күміс бизнесі қарқындап тұр.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети