iPhone рингтонын салып, иесінің көңілін аулаған тотықұстың видеосы жылдам таралуда

20 Желтоқсан 2017, 11:42
0
iPhone рингтонын салып, иесінің көңілін аулаған тотықұстың видеосы жылдам таралуда - © 123ru.net
© 123ru.net

"Твиттер" әлеуметтік желісінде iPhone қалта телефонының рингтонын даусымен салатын тотықұстың видеосы жылдам таралып, қолданушылардың сүйсіпеншілігіне бөленіп отыр.  

Видеоны америкалық режиссер Бен Плаймер жариялаған. Ол тотықұсты Аустралиядағы досының үйіне барғанда байқаған. 

Осы арқылы құс мұңын білдіреді екен. Автордың сөзінше, иесі аяқ киімінің бауын байлап, есіктен шығар кезде осы әуенді салады екен. 

Желі қолданушылары тотықұс мұны иесінің назарын аудару үшін істейді деген ортақ ойға келіп отыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай