20 қыркүйек 2017 17:57

Интернетте Bezwmnij Maks ойыны пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© usenov.ga © usenov.ga

Интернетте Bezwmnij Maks ойыны пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Интернетте Bezwmnij Maks ойыны пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ойыншыға кейіпкердің қатысуымен төрт эпизод өткеру ұсынылады. Алғашқы екі деңгейі BMW X6 автомобилімен жолдағы оқиғаларға арналған.

Үшінші деңгейде оқиға ұшақта өрбиді. Соңы компьютерлік клубтың маңында "тыйым салынған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затпен" серуендеумен аяқталады.  

 

Әрбір деңгейдің соңында тәртіп сақшылары пайда болады. Дәл осы кезде ойыншы бірнеше рет батырманы басуы қажет болады.  

Ойын атауы - "Bezwmnij Maks".

Интернет ойынды астаналық бағдарлама жасаушы жігіттер жасапты. Ойын Габон мемлекеті тегін қылған GA доменіне енгізіліпті. 

"Жігіттер танымал болуды немесе ақша табуды көздеген жоқ. Бұл демалыс күндері әзіл үшін жасалған. Жаңалықтардан алған әсерден шыққан ойын", - деп пікір білдірді құрастырушылардың бірі. 

Айта кетейік, авторлар ойында латын әліпбиін қолдаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети