11 тамыз 2016 12:19

Интернетте Алексей Ни мен Нижат Рахимовтың Риодағы жеңістен кейінгі биі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан құрамасының ауыр атлетикадан бас бапкері Алексей Ни Риодағы Олимпиада ойындарындағы Нижат Рахимовтың жеңісін тойлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан құрамасының ауыр атлетикадан бас бапкері Алексей Ни Риодағы Олимпиада ойындарындағы Нижат Рахимовтың жеңісін тойлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 77 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек ауыр болды. Қазақстандық ауыратлет Рахимов жұлқа көтеруге үшінші болып шықты. Сөйтіп, 165 келі салмақты еңсерді. Кейін ол 168 келіге тапсырыс берген, аоайа көтере алмады. Серпе көтеруде Рахимов екінші мүмкіндігінде 214 келіні көтеріп, жалпы 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Ал Рахимов жеңіске жеткенде, Алексей Ни өз эмоцияларын жасыра алмады. Бас бапкер тіпті тұғырға шығып, өзінің шәкіртімен билей бастады. Рахимовтың өзі де бапкерінен қалыспай, биді жалғастырды.



© Ізтұрған Алдауев

Сондай-ақ, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада-2016 ойындарының марапаттауы кезінде қазақстандық ауыратлет көз жасына ерік берді. Мен әзірге Олимпиада чемпионы өзін қалай сезіну керектігін білмеймін. "Мен кішкентай кезімнен бастаған осы күнге дейін жеткен жолымды еске түсіріп, жыладым. Қалай жаттыққанымды, қалай жұмыс жасағанымды. Мен мұны сөзбен жеткізе алмаймын. Сондықтан жыладым, өзімді тоқтата алмадым", - деді Рахимов басылымға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Алексей Ни өзінің шәкірттерінің жеңісін осылайша дәстүрлі түрде би билеп, тойлайды екен. 2013 жылы шетелдік жанкүйерлер бапкердің қуанышын жасыра алмай, би билеп жатқан сәттерін видеоға түсіріп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети