Интернетте босқындарды қор қылған суреттер қолданушылардың наразылығын тудырды

12 Наурыз 2016, 10:35
0
Интернетте босқындарды қор қылған суреттер қолданушылардың наразылығын тудырды -

"20 келбетті ер адамның Еуропаға сапарына" арналған Instagram-аккаунт Интернет қолданушылары арасында наразылық тудырды, - деп хабарлайды The Daily Mirror. Есімдері жасырылған авторлар мигрант ер адамдарға қатысты жөнсіздік танытты деп сыналды.

Айта кетейік, олар қайғылы жағдайға тап болған адамдардың суреттерін көңіл көтеру үшін қолданған. Олар аккаунтқа кірушілерден "Лесбоста керемет көрінемін" немесе "Тамаша өмірді күтіп тұрмын" деген тақырыптағы жарияланымдарына "ұнайды" белгісін басуды өтінген. Өз кезегінде авторлар қайғылы жағдайдан күлкілі сәттерді табудың маңызды екенін мәлімдеді. "Бұл жағдайдан шығуға көмектеседі", - деп хабарлады олар ақпарат құралдарына.

Бұған дейін босқындарға жыныстық қатынастың эмоциялық, физиологиялық және заңды аспектілерін үйретуге арналған арнайы Zanzu сайтының пайда болғаны анықталды. Lenta.ru порталының мәліметінше, сайт 13 тілде жұмыс істейді, арасында орыс тілі де бар. "Бірінші рет жыныстық қатынасқа қалай түсу керек", "Жүктілік кезінде және одан кейін жыныстық қатынасқа қалай түсу керек", "Жұбыңмен өзара қарым-қатынас жөнінде қалай сөйлесу керек" - бұл ресурста танысуға болатын тақыраптардың кейбірі ғана. Сайтта жыныстық қатынастың әр түрі бойынша нұсқаулықтар бар, сонымен қатар, гомосексуалдық қатынастар да көрсетілген. Желімен байланысы жоқ адамдарға басылымның қағаз түріндегі нұсқасы ұсынылады.

Неміс билігінің өкілдері бұл сайтты ашудың қажет болғанын мәлімдеді, себебі олардың айтуынша, босқындардың өз отандарында жыныстық қатынас жөнінде оқытылмайды. Айта кетейік, бұл әрекет оппозиция мен мигранттардың наразылығын тудырды, себебі олар өздерін білімсіз жабайылар деп есептегендерге наразы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай