Интернетте жиһаздардың өздігінен қозғалғаны түсіп қалған видео пайда болды

26 Маусым 2015, 16:28
0
Интернетте жиһаздардың өздігінен қозғалғаны түсіп қалған видео пайда болды - © Youtube.com
© Youtube.com

Интернетте жиһаздардың өздігінен қозғалғаны түсіп қалған видео пайда болды, - деп хабарлайды "24.kz".

Оқиға Қытай жерінде болған. Кадрдан қонақүй бөлмесіндегі креслоның қозғалып, есіктің ешбіреудің итеруінсіз тарс жабылғанын көруге болады. Сонымен қатар, сол ғимараттың асханасында жалғыз отырған қыз артқы жақтан біреудің үстелді қозғағандай дыбысын естиді. Оқыс жайттан секем алған ол жалма-жан ұялы телефоны арқылы біреумен хабарласа бастайды. Сол сәтте оның жанындағы орындықтарға "жан бітті". Мұндайдан зәресі қалмаған ол орнынан ытқи жөнелді. Ендігі бір сәтте асханадан қашпаса, құтылмасын білген қыз есікке қарай ұмтылды. Бірақ оны "қуып жеткен" жиһаз жиынтығы жолды бөгеп, қыз есінен танды. Оқиғаның немен аяқталғаны осы кезге дейін белгісіз. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай