08 мамыр 2015 14:02

Интернетте соғыс жылдарынан кейінгі Берлин түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеосынан алынған кадр YouTube видеосынан алынған кадр

Интернетте соғыс жылдарынан кейінгі Берлин түсірілген "түсті", бірегей видеожазба пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. БАҚ мәліметінше, жазба 1945 жылы шілдеде, Германия тізе бүкеннен кейін 2 ай өткенде жасалған. Айта кетейік, бұл қаланы басып алу үшін Ұлы Отан соғысындағы ең қанды шайқас болды, бұл шайқаста қазақстандықтар да асқан батырлық танытты.

Бұл кадрды Костантин фон цур Мюэлен Kronos Media компаниясының жобасы шеңберінде Интернетке жариялады. 1945 жылы шілдеде Германияның астанасы одақтастар арасында төрт ықпалдастық аймағына бөлінген болатын. Соғыс жылдарынан кейін Берлин көшелерінің атауы орыс тілінде жазылып, ілінді. Ал қала орталығына генералиссимус Иосиф Сталин бейнеленген плакат орнатылды. Кинохрониканың кадрларына Рейхстаг пен Бранденбург қақпасының қираған ғимараттары, сонымен қатар Александерплац орталық алаңындағы қираған үйінділері түсіп қалған.

Сонымен қатар, белгісіз оператор әскери техникалардың қалдықтары мен қаладағы қирандыларды тырмалап жүрген тұрғындарды түсіріп алыпты. Сондай-ақ видеодан жазба басталардың аз-ақ алдында жіберілген қалалық трамвайды көруге болады. Кадрдың жартысы аэрофототүсірудің мәліметі болып табылады, олар аса биік жерден түсірілмеген, сондықтан олар соғыс жылдарынан кейінгі Берлиндегі қирандылар көлеміне баға беруге мүмкіндік жасайды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети