08 ақпан 2017 15:55

Исекешевке "Құрметті Әке" атағы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке "Құрметті Әке" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл атақ қала әкіміне Астананы орнықты дамыту және астаналық агломерация кеңесінің отырысы аясында берілді.

Отырыс барысында Әсет Исекешевті "Әкелер одағы" қоғамдық ұйымының мүшелері марапаттады.

"Ол өте ашық адам, біздің жұмысымыздағы бастамалардың барлығын қолдайды. Біз оның сөйлесу мәнерімен, жасаған әрекеттерімен басқаларға үлгі бола отырып, қаланы дамытуға бар үлесін қосып жатқанын білеміз. Бұл біздің - "Әкелер одағының" шешімі. Біздің ұйымда 60-қа жуық әке бар. Мұндай құрметті атақты біз барлығына үлгі боларлық адамдарға береміз", - деді "Әкелер одағы" қоғамдық ұйымының төрағасы Қуаныш Жұматаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети