Испанияда шахматтан ең ірі турнир өтті: тастар орнына тракторлар

23 Тамыз 2016, 10:38
0
Испанияда шахматтан ең ірі турнир өтті: тастар орнына тракторлар - © m.khabar.kz
© m.khabar.kz

Испаниялық шаруалар егін алқабында тракторларымен шахмат ойнады, - деп хабарлайды 24.kz.

Шаруалар шахматтың жаңа түрін ойлап шығарған. Жазық даланы ойын тақтасына айналдырған диқандар фигуралардың орнына тракторларды қойған. Егіншілердің ермегіне айналған турнир биыл екінші рет өтіп отыр екен. Ойынды екі адам қарапайым шахмат тақтасында ойнайды. Тек олар әр жүрісін радиоқабылдағыш арқылы өз механизаторына айтып отырады. 

"Шахматтан көп нәрсе аламын. Мектептегі үлгеріміңнің артуына, ойлау қабілетіңнің дамуына көп әсер етеді. Жалпы шахматтан өмірдегі кез-келген кикілжіңнің шешімін табуға болады", - дейді шахмат ойыншысы Артур Фернандес.

Ойынға 25 мың шаршы метр жер пайдаланылған. Ал оны әлемнің түпкір-түпкірінен 3 мыңнан астам адам тамашалады.

"Біздің алқаптарымыз әлемдегі қуаңшылық жайлаған жерлердің бірі. Сондықтан біз осы жерде маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан адамдарға сый құрмет көрсеткіміз келді", - дейді Андрес Ласаро.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай