1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Иттердің бір топ қасқырмен арпалысы видеоға түсіп қалған

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ресейдің Архангельск облысындағы Ненокс ауылында бейнебақылау камерасы екі иттің бір ұя қасқырмен арпалысқан сәтін түсіріп алған. Осы оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланды. 

29.ru порталының мәліметінше, жыртқыштар 3 желтоқсанда таңғы 06.30 шамасында шабуылдаған. "Балаларым үшін алаңдаймын. Ауылдың тұрғындары екі ұя (алтаудан және төртеуден топтасып жүрген) қасқырларды көріпті, жалғыз жүргені де бар екен. Осыға бірдеңе істеу керек. Менің білуімше олар ауылдағы 15 итті өлтіріп кеткен", - деді видеоны жіберген оқырман. 

Қасқырлар шабуыл жасаған уақытта үй иесі малға жем салу үшін кеткен. Кейін ауласына шыққан уақытта қанды көрген, сосын бейнебақылау камерасын қарап, мән-жайды білген. Жергілікті аңшылар қасқырларды іздеуге шықты.