1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Иван Ургант Астанада өткен Муз-ТВ жүлдесін күлкі етті10 маусым 2015, 08:39

9 маусымда эфирге шыққан Бірінші арнадағы "Кешкі Ургант" бағдарламасында Иван Ургант Астанада өткен Муз-ТВ рәсімін қалжыңға айналдырды. Жүргізуші сол күні болған жауын-шашынды, Никита Пресняков селфиге түсіп жатқан кезде оған жарнама баннері құлап кеткенін, сонымен қатар, швед әншісі Араштың аяғын рояльға соғып алғанын, Дима Билан дайындық кезінде жарақат алғанын сөз етті.

"Қазақстанда өткен Муз-ТВ енді тарихқа енетін болады, - деді Ургант. - Біздің әншілер қорыққан жоқ. Олар түрлі қиындықтан өткен. Олардың немерелері былай дейтін болады: Менің атам 2015 жылы Астанада өткен Муз-ТВ-ға қатысқан. Бәрі өтіп кетті, ол оралды". 

Видео "Кешкі Ургант" бағдарламасының YouTube порталындағы арнасынан алынды.