24 қыркүйек 2019 16:21

Жаңаөзенде ерекше үйлену тойы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде 22 қыркүйекте ерекше үйлену тойы өтті, - деп хабарлайды "инАктау". Екі егіз жігіт бір күнде екі егіз қызға үйленген. 


Жаңаөзенде 22 қыркүйекте ерекше үйлену тойы өтті, - деп хабарлайды "инАктау". Екі егіз жігіт бір күнде екі егіз қызға үйленген. 

Жігіттердің анасы Гүлбаршын Исаеваның айтуынша, олар Жаңаөзен қаласына жақын маңдағы Қызылсай ауылында тұрады екен. Оның 26 жастағы екі ұлы Жаулы мен Жары бір үйдің егіз қыздары Жанар және Шынар есімді бойжеткендермен сәуірде танысқан. Жігіттер 18 жастағы қыздарды бірден ұнатқан. 

"18 жасқа келіп, бой жетіп отырған Жанар мен Шынарды көргенде менің ұлдарым оларды бірден ұнатып, жақын араласа бастады. Кейін кездесуге шақырып, ғашық болды. Күндердің күнінде үйге келіп өз алдына отау құрғалы жүргендерін жеткізді, болашақ келіндеріммен таныстырды", - дейді Гүлбаршын Исаева.

Осылайша тел қозыдай қатар өскен қос бауыр тату-тәтті абысынға айналды. Жаңа түскен келіндер әлі студент. Бірі - банк саласы бойынша білім алып жатса, екіншісі - дәрігер атанып, дертті жанға көмек қолын созуды мақсат тұтқан.

"Анықтап қарайтын болсаңыз, қыздардың бір-бірінен айырмашылығы барын байқайсыз. Бірі - кекілді кербезім болса, екіншісі - ақмаңдайлы аруым. Мен өз перзенттерімді ешқашанда шатастырып көрмеппін. Бала кезден әрқайсысының тек өзіне тән қылығы бар", - дейді Гүлбаршын.

Қуанышты хабарды естісімен әулетте тойға қызу дайындық жүрді.

"Екі той болды, алдымен қалыңдық тарапы, кейін күйеу жігіт жағы дүркіретіп тойлады. 400-ге жуық қонақ келді", - дейді егіз ұлдардың анасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети