16 қазан 2017 | 15:56

"Жанып жатыр!". Қазақстандықтар жаппай жаймамен эксперимент жасауға көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Youtube желісінде қазақстандықтардың жайманы (еттің қамыры) өртеп жатқан видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Youtube желісінде қазақстандықтардың жайманы (еттің қамыры) өртеп жатқан видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін 2017 жылы 14 қазанда сағат 19:00-де. Жұмыстан келдім, жайманың өртеніп жатқанын видеодан көріп, өзім де ролик түсірейін дедім. Мұнда ет асқанда берілетін жайма бар. Тексеріп көрейік, ол жана ма? Жанып жатыр! Бізге не сатып жүргендерін қараңыздар. Мен ет қайнатып қойдым, енді не істерімді білмеймін. Қағаздан да жақсы жанады. Қазақстанның өнімі. Видео Алматы қаласында түсірілді", - делінген видеоның жазбасында. 

Тағы бір қолданушы да видео түсіріп көрген, бірақ оныкі үйдегі ұннан жасалған жайма.  

"Дүкеннен алған жайма өртенеді дейді, тексеріп көрейік, үйде жасалған кеспе өртенер ме екен. Көрдіңіздер ме, бұл жайма да өртенді. Сол себепті де дүкендікі ғана емес, үйдікі де өртенеді", - деді ол. 

Жайма өндіруші компанияның директоры Екатерина Хильчук қазіргі уақытта өнімнің неліктен өртенетіні жайлы тексеріп жатқанын айтады.  

Ауыл шаруашылық өнімдері және тамақтану саласының аудитор-маманы Әлия Шайхинаның айтуынша, бұл таңғаларлық құбылыс емес.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети