Жапон премьерінің "сыпайы" кортежі Желі қолданушыларын таңғалдырды

20 Желтоқсан 2016, 15:50
0
Жапон премьерінің "сыпайы" кортежі Желі қолданушыларын таңғалдырды - Видео кадры
Видео кадры

Жапония премьер-министрінің сыпайылықпен жол сұраған кортежі жайлы видеоға Reddit порталында көптеген пікір жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Жапония үкімет басшысының кортежі жолды жауып тастамай-ақ, көпшілікпен бірге жолда жүреді. Реттеушілер премьер-министрдің көлігін автомобильдердің терезесінен шығып, жол сұрайлы. 

Қолданушылар кортеждің өте сыпайы екенін атап өтіп жатыр. "Мен көктемде Токиоға барамын, мен көргім келетін дүниелердің тізіміне тағы бір пункт қостыңыздар", - деп жазды lukas8u атты қолданушы Reddit порталында.

"Мұндай жағдай менің елімде қандай болады екен деп елестетіп көрдім... Күлгенім сонша, ойымды жеткізе алмай отырмын", - деп жазды Th3horus деген қолданушы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай