Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты

17 Ақпан 2018, 12:08
1
Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты - © @sasamipicata
© @sasamipicata

Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты, деп хабарлады Lenta.ru порталы SoraNews24 басылымына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, sasamipicata деген никпен Twitter желісіне тіркелген қолданушының суреті жарияланды, ол суреттен қуат көзінің ашасына құлыптың салынғанын көруге болады. Осылайша ол ашаны розеткаға қосуға кедергі келтірген.

"Екінші құлып смартфонның зарядтау құрылғысына салынған. Осылайша, видеоойын ойнайтын ұлдың анасы баласын видеоойындардан арашалады. Жапонияда жалпақ ашасы бар штепсель айырлар жиі қолданылады, оның әр ашасында тесіктері бар. Әйел сол ерекшелікті пайдаланып, тесіктер арқылы құлыпты өткізіп, салып қойған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, 1 ақпанда қытайлық геймер 20 сағат бойы достарымен видеоойын ойнап, сал болып қалған. 

全国のゲームを長時間する子供を持つ親に言いたい
これはやりすぎな…(子供目線) pic.twitter.com/HvhZJOluWL

— いおり (@sasamipicata) 13 февраля 2018 г. ">

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай