25 тамыз 2014 17:50

Жарнамашылар Құрманғазы мен Пушкиннің "сүйісі" үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©jolbors.com ©jolbors.com

Постерде Құрманғазы күйші мен Пушкиннің сүйісіп тұрғанын бейнелеген жарнама агенттігі өз әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, "Студия 69" клубын жарнамалайтын сурет Орталық Азия жарнама жасаушылары арасында өткен Red Jolbors Fest байқауынан кейін жұртшылық назарын өзіне аударған болатын.


Постерде Құрманғазы күйші мен Пушкиннің сүйісіп тұрғанын бейнелеген жарнама агенттігі өз әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, "Студия 69" клубын жарнамалайтын сурет Орталық Азия жарнама жасаушылары арасында өткен Red Jolbors Fest байқауынан кейін жұртшылық назарын өзіне аударған болатын.

Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігі Facebook-тегі парағында жанжалға қатысты түсінік берді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, постер шағын топқа ғана арналған, атап айтқанда, байқау үшін ғана жасалды, ол байқауда жоба қола жүлдеге ие болды.

"Біз принт әлеуметтік желілер мен баспасөзде бұрын-соңды болмаған дүрлігу туғызады деп ойламадық. Бұл жұмыс сыртқы жарнама үшін қолданылмады және бір жерге орналастыруға арналмады. Ол тематикалық клуб орналасқан көшелердің қиылысын меңзейді. Біз бұл макет ар-намысына тиген және жиіркенішін туғызған адамдардан шын жүректен кешірім сұраймыз. Орыстың ұлы ақыны мен қазақтың ұлы композиторының мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін ескере отырып, біз бұл принттің еш жерден басып шығарылмайтынын, еш жерге орналастырылмайтынын немесе ақылы медиада жарияланбайтынын ресми түрде хабарлаймыз", - дейді агенттік өкілдері.

Жұртшылық өкілдері принт идеясы авторларын жазалауды талап еткен болатын. Қоғам қайраткерлері мен блогерлер Алматы ішкі істер департаментіне арызданып, жарнама агенттігін әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етті. Олардың арасында Құрманғазының ұрпағы да бар. Құжатқа қол қойғандар постерді жасаушылар бірқатар заңды бұзып, моральдық-этикалық нормаларды сақтамады деп есептейді.

Жарнама саласының сарапшысы, әрі, өзінің айтуынша, Құрманғазының жиен немересі Нұркен Халықбергеннің айтуынша, жарнама агенттігі шектен шықты. "Мен мұның фестивальдік жұмыс екенін түсінемін. Бірақ жігіттер бәрібір оны әлеуметтік желілерге орналастырды ғой. Жарнама қалай пайдаланылса да бәрібір емес пе - әлеуметтік желілер арқылы ма немесе сыртқы жарнама ма?! Қалай болғанда да бұл - қорлау, мұны мойындаудың орнына олар моральдық-этикалық шекарадан асып кетті, олар біздің әлдекімдердің құқығын таптап жатқанымызды, қатігездік пен зорлық-зомбылықты насихаттағанымызды, біздің креативті түсінбейтінімізді айтты. Меніңше, бұл жерде ешқандай креатив жоқ", - деді Халықберген.

Бүгін, 25 тамыз күні қазақстандық музыканттар Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысындағы "Студия 69" клубының алдына жиналды. Клубтың ішінде ешкім болмады. "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиевтің айтуынша, мұндай постердің пайда болуына жол берілмеуі керек, өйткені ол қазақстандық және ресейлік жұртшылықты қорлайды. Музыканттар келешекте мұндай әрекеттер қайталанбауы үшін жарнама агенттігін сотқа беру керектігін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети