1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Желіде португалиялық бала мен франциялық команданың жанкүйері түсірілген әсерлі видео пайда болды11 шілде 2016, 15:19

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Евро-2016 финалынан кейін түсірілген әсерлі видео пайда болды, - деп хабарлайды BBC. Видеодан Португалия мен Франция командаларының жанкүйерлері көрінеді.

Видеоның басты кейіпкерлері - франциялық команданың жейдесіндегі жылап тұрған ер адам мен португалиялық бала. Видеода жасөспірім көңіл-күйі түскен жанкүйердің қасына жақындап, жұбатып, онымен қол алысады. Кейіннен олар екі елдің жанкүйерлері арасындағы достықтың белгісі ретінде құшақтасады.

Айта кетейік, Франция - Португалия матчының негізгі уақыты тең аяқталған болатын. Бірінші қосымша таймда командалар қауіпті сәттер жасай бастады. Ал екінші қосымша таймда португалдар Францияны тақырға отырғызды. 109-шы минутта Рафаэл Геррейру айып алаңынан допты қақпа бағанасына тигізсе, ал бір минут өткеннен кейін алаңға жаңа шыққан Эдердің тамаша соққысынан француздар өз қақпасын құтқарып қала алмады. Сөйтіп, есеп 1:0 болды.


ШҚО-да 12 сантиметр қар түсті
Тоқаев Алматыға келді