27 мамыр 2014 08:31

Жириновскийдің журналисті балағаттауына дәрі әсер еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Жириновскийдің аяғы ауыр журналисті балағаттау сәті.  ©INFORM-24 Владимир Жириновскийдің аяғы ауыр журналисті балағаттау сәті. ©INFORM-24

"ЛДПР фракциясы Думада Владимир Жириновскийдің ағымдағы жылдың 18 сәуір күні неліктен аяғы ауыр журналисті балағаттағанын түсіндірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новая газета" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"ЛДПР фракциясы Думада Владимир Жириновскийдің ағымдағы жылдың 18 сәуір күні неліктен аяғы ауыр журналисті балағаттағанын түсіндірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новая газета" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Фракцияның бірінші орынбасары Алексей Диденконың РФ президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау Кеңесінің төрағасына берген ресми жауабына қарағанда, мұндай жағдайдың орын алуына "Циркадин" дәрісінің әсері болған көрінеді. Ол дәріні партия жетекшісіне РФ Президент істері басқармасы емханасының дәрігері тағайындаған.

Диденко өз хатында Федотовты "БАҚ өкілімен болған оқиғаның мән жайын жіті тексермей баға берді" деп айыптаған. "Сіз адам құқықтары жөніндегі жоғарғы дәрежелі маман ретінде болған жағдайды бүге-шігесіне дейін тексеріп, адамның неліктен ондай мінез танытқанын зерделеп, бұл мәселеге байыппен және әдеппен қарауыңыз керек еді" деп жазады ЛДПР өкілі.

Сонымен қоса, фракцияның бірінші орынбасары "Циркадин" дәрісінің адамның жүйке жүйесіне келтіретін кері әсерін тізіп шықты: "ашуланшақтық, әсерленгіштік, шаршағыштық, ұйқысыздық, бас айналу, ұйқының жайсыз болуы, агрессияшыл көңіл күй".

Естеріңізге сала кетсек, 18 сәуір күні Жириновский "Россия Сегодня" агенттігі журналисінің "Украинаға ресейлік азаматтардың кіруіне шектеу қоюына орай, Ресей де қарсы шара енгізу керек пе?" деген сауалына ашуланып, оны балағаттаған еді. Салдарынан жүкті журналист ауруханаға түскен болатын.

Кейінірек "Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасының эфирінде Жириновский журналистен кешірім сұраған болатын. Сондай-ақ Жириновский қажет болса, журналистке материалдық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети