Жүктілікті бадырайтып, ап-анық көрсететін екі сызықшасы бар дайын тест Өскеменде саудалануда. Анықтағанымыздай, мұндай жалған тестіні тек әйелдер емес, сонымен қатар еркектер де сатып алатын боп шыққан деп хабарлайды YK-news.kz.
Жүктілікті бадырайтып, ап-анық көрсететін екі сызықшасы бар дайын тест Өскеменде саудалануда. Анықтағанымыздай, мұндай жалған тестіні тек әйелдер емес, сонымен қатар еркектер де сатып алатын боп шыққан деп хабарлайды YK-news.kz.
"Аналықтың сәтті билеті" ғаламтор арқылы онлайн-дүкендерде 1500 теңгеден сатылады екен. "Төмен бағамен жүктілікті анық көрсететін дайын тест ұсынамыз. Тегін жеткіземіз. Қыздар, хабарласыңдар!" делінеді жарнамада. Тестіні саудалаушы менеджер Анастасия Пахоменконың айтуынша, бұл жаңа идея емес, бірақ ол өнімді халықаралық деңгейдегі сатылымға шығарушы алғашқы адам екен. Қыздың өзі Ресейден, бірақ ол өнімін кез келген жерде сата береді. Ол қазақстандық сатып алушылар қатары көп екенін жасырмады. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар тестіні бесеулеп, ондап бірден сатып алатын көрінеді.
"Тестіні әртүрлі себепке байланысты сатып алады - қалжыңдау үшін, бірінші сәуірде елді алдау үшін, кейбір қыздар өзінің жігітімен арадағы қарым-қатынасының қаншалықты берік екендігін сынау үшін алады... Біз отбасыларды ажыратқымыз келмейді, олардың сезіміне де кірбің ұялатқымыз жоқ, бірақ бұл да қалжыңдаудың бір құралы" дейді Пахоменко.
Сатушы жүктілік тесті шын өнім екенін айтады, тек екі сызықша арнайы құрылғымен алдын ала салынатын көрінеді. Ол екі сызықша химиялық әрекеттесуден соң ғана 100 пайыз жүктілікті анықтап, көрсетіп шығатындығын айтады.
ШҚО құқыққорғау органындағылар мұндай "мазақ тесттің" сауда айналымына шығарылуы заңға қайшы еместігін айтып отыр.