06 желтоқсан 2017 15:00

Жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектескен шымкенттік жігіт Қазнет қолданушыларын тебірентті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Шымкенттік жігіттің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тебірентті. Кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектесті. Осы сәттің видеосы Instagram желісіндегі Dudoser парақшасында жарияланды. Видеоның авторы ол жігітті әйелдің баласы деп ойлаған. 


Шымкенттік жігіттің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тебірентті. Кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектесті. Осы сәттің видеосы Instagram желісіндегі Dudoser парақшасында жарияланды. Видеоның авторы ол жігітті әйелдің баласы деп ойлаған. 

Tengrinews.kz тілшісі видеодағы жігітті тапты. Ол Шымкент қаласының тұрғыны - 23 жастағы Александр Пудовинников. Ол өзінің осы әрекетін былай түсіндірді: "Мен "Венеция" аялдамасында тұрдым, өз автобусымды күтіп тұрған едім. Қарасам бір әже қатып қалған қар қалдықтарын бұза алмай жатыр екен. Мен көмектесейін деп ойладым, себебі автобус әлі келмеген еді. Мені түсіріп алып, Интернетке салады деп ойламадым", - дейді ол. 

"Қиын болды, мен өзім әрең бұздым. Мен ол кісіге бірінші мұздарды жарып, сосын ғана күрекпен тазалау керектігін айттым. Алайда оның мұз жарғыш құрылғысы болмай шықты. Әйел адамның жасы шамамен 50-де, бәлкім одан да көп. Ата-анам әрдайым үлкендерге жәрдемдесу керектігін айтып отырады", - дейді Шымкент тұрғыны. 


Александр Пудовинников. © vk.com

Александр Шымкентте туған. Жеңіл атлетикамен айналысады, осы спорт бойынша бапкер болып қызмет істейді екен. 

Видеоның сипаттамасында қолдаушылар алғыс білдіріп жатыр. Кейбіреулер баласының анасына көмектесуге келгенін де болжаған. 

"Оның ұлы ма, жоқ па - айырмашылығы жоқ! Егер ұлы болса, жарады, егер кездейсоқ болса, оның ата-анасына мың алғыс. Өкінішке қарай, қазіргі заманда мұндай адамдар тым аз", - деді Dinaramansi нигімен тіркелген қолданушы. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети