Жүрек жұтқан гольфшы қолтырауынды үркітті 17 наурыз 2017, 15:14

Америкалық гольфші Коди Гриббл жарыс барысында алаңда жатқан қолтырауынды қуып жіберді. Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Бей-Хилл қаласында өтіп жатқан PGA Arnold Palmer Invitational турнирінде аллигатор судан жағаға шыққан. Гриббл есімді гольфшы жыртқыштың жанына келіп, байсалды түрде түртіп жіберді. Мұны күтпеген қолтырауын шошынып, суға секіріп кетті.