Жыл сайын Қазақстан сырттан 154 миллион долларға гүл сатып алады

06 Наурыз 2014, 12:52
0
Жыл сайын Қазақстан сырттан 154 миллион долларға гүл сатып алады - ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Былтыр Қазақстанға 154 млн. 330 мың долларға жалпы көлемі 20 мың тонна гүл жеткізілген деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне сілтеме жасап.

Сырттан жеткізілген 20 мың тонна гүл 263 млн. 638 мың 719 дананы құраған. Негізінен қазақстандықтар үшін жалпы сұранысқа ие болып отырғаны - раушан гүлі. Содан болар, былтыр үш жарым мың тонна раушан гүлі елімізге импортталыпты. Бұл 53 миллионнан астам раушан гүлі деген сөз. Ал оны сатып алуға 29 млн. 147 мың доллар жұмсалған.

Раушан гүлі Қазақстанға Германия, Кения, Қытай, Колумбия, Нидерланды, Эквадор және Эфиопия секілді елдерден жеткізіледі. Сондай-ақ, хризантема, гвоздика және орхидея сынды гүл түрлерін Израил, Испания, Италия, Колумбия, Түркия, Таиланд, Франция, Зимбабве, Қытай және Бельгиядан сатып алған екен.

Биылғы жылдың қаңтар айының өзінде Қазақстанға 7 млн. 820 мың 116 дана гүл импортталған. Осыншама тауар үшін 5 млн. доллар жұмсалып отыр.

2013 жылы Астана қаласы үшін құны 23,5 млн. долларға 23 млн. 312 мың 418 дана (салмағы екі мың тонна) гүл сырттан сатып алынған. Оның ішінде 4 млн 673 мың 226 дана раушан гүлі үшін 5 млн. доллар жұмсалды.

2014 жылдың қаңтар айының өзінде астаналықтар үшін 1,5 млн дана гүл жеткізілген.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай