17 тамыз 2019 11:59

"Жылама!". Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен қоштасып жатқан видеосын жариялады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Instagram / @kudaibergenov.dimash Сурет: Instagram / @kudaibergenov.dimash

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген жанкүйерлермен қоштасып жатқан кезіндегі әсерлі видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген жанкүйерлермен қоштасып жатқан кезіндегі әсерлі видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Кадрдарда Димаш автокөлік салонында терезеден жанкүйерлеріне қол бұлғап отырғаны көрінеді. Ал арттан жанкүйерлерінің дауысы естіледі.

"Bye-bye! See you tonight! See you tomorrow! (Сау болыңдар! Бүгін кешке кездескенше! Ертең көрісеміз!)", - деп жатыр олыр.

Димаш жанкүйерлерінің арасынан жылап тұрған қызды байқаған болуы керек. "Don' t cry! See you (Жылама! Тағы да көреміз)", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Good morning ☀️

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Еске салсақ, Димаш Құдайбергенді TC Candler сайтының сарапшылары халықаралық сұлулық байқауында "ең әдемі азиялық келбет" номинациясына ұсынды. 

"Ең әдемі азиялық келбет" байқауының басқа қатысушыларының арасында - Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Малайзия, Израиль және Үндістан өкілдері, сондай-ақ, америкалық актер Джеки Чан және үнді киноактрисасы Карина Капур бар.

Конкурс 5 тамызда жарияланды. Пайдаланушыларға тек лайк қойып, ұнаған үміткердің суретіне пікір қалдыру керек. Димаш Құдайберген тоғыз мыңнан аса дауыс жинап үлгерді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети