Қалпақ емес, адамның өзін ұшырып әкетеді - Назарбаев Астанадағы жел туралы

12 Желтоқсан 2016, 19:20
0
Қалпақ емес, адамның өзін ұшырып әкетеді - Назарбаев Астанадағы жел туралы - Видео кадры
Видео кадры

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығындағы қызықты оқиғалар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент ТРК-ға сілтеме жасап.

Отандық телеарналарда 16 желтоқсанда Қазақстан Президентінің қатысуымен "Тәуелсіздік тағылымы" арнайы жобасы көрсетіледі. Нұрсұлтан Назарбаев саяси қайраткерлермен, отандық кәсіпкерлермен бірге Қазақстанның жас әрі тәуелсіз мемлекет ретіндгі алғашқы қадамдары жайлы еске алады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Иманғали Тасмағамбетов Ахметжан Есімов, Ұзақбай Қарабалин, Мұхтар Алтынбаев, Нұрлан Смағұлов, Иван Саэур және тағы да басқа белгілі тұлғалар тәуелсіздіктің 25 жылындағы қызықты оқиғалар жайлы айтады.

Аңдатпада Клинтонның сапары, елдегі бірінші жанармай құю бекеттері, Қашағанның ашылуы және Қазақстанның хронологиясындағы тарихи сәттер жайлы үзінділер көрсетіледі. Мәселен, роликтердің бірінде 1997-2000 жылдар аралығында "Қазақойл" МТҰК" ЖАҚ вице-президенті болып тұрған кезінде Мемлекет басшысына Каспий теңізінің 1998 жылғы бөлу бойынша құжатқа қол қою сәті жайлы айтып береді. Қарабалиннің айтуынша, құжатқа Мәскеуде 6 шілдеде қол қойылды, бұл Президенттің туған күні болатын. "Өзің білесің ғой, кейде 6 шілде көмектеседі", - деп жауап берді Назарбаев әзілдеп Қарабалинге.

"Бізде аяз қатты, қалпағыңды емес, адамның өзін ұшырып әкетеді. Ал жазда мұнда қандай масалардың болатынын білесідер ме?", - деп әңгімелейді Назарбаев видеороликте.

Осыған дейін Желіде Мемлекет басшысының қатысуымен қызықты видео пайда болған еді. Видеороликте ҚР Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің Астанаға көшкені жайлы қызықты жағдайды әңгімелейді. Сол жылдары елорда әкімі қызметінде Әділбек Жақсыбеков болған. 

"Мен сол кезде "Есіл" деп аталған қонақүйге тоқтадым. Атауы солай еді. Сонда кенет су ақпай қалды, ыстық су жоқ, суық судың күші жоқ. Әділбек Рыскелдіұлына (Жақсыбеков) телефон соғып, "Әдеке, қонақүйде су жоқ" дедім. Соған қарағанда оған осы мәселе бойынша көптеген қоңырау түскен болуы керек. Содан ол маған "Сіз не, мұнда жуыну үшін келдіңіз бе?" деді", - деп күледі видеода Тоқаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай