Қалыңдығын үйлену тойында тұңғыш рет көрген жігіт ажырасуды ұйғарды

19 Қараша 2014, 10:24
0
Қалыңдығын үйлену тойында тұңғыш рет көрген жігіт ажырасуды ұйғарды - ©lifenews.ru
©lifenews.ru

Сауд Арабиясының Медина қаласында ерекше оқиға болды. Күйеу жігіт неке қию рәсімінің үстінде қалыңдығымен ажырасуды ұйғарды. Қалыңдық суретке түсу үшін фатасын шешкен кезде болашақ күйеуі оны осы кезге дейін басқаша елестетіп келгенін айтты. 

"Кешірерсің, сен мен елестеткендей емес екенсің, бізге ажырасу қажет. Өкініш білдіремін", - деді күйеу жігіт. Okaz басылымының мәліметінше, күйеу жігіт пен қалыңдық үйлену тойына дейін бір-бірін көрмеген. Бұл - Таяу Шығыс елдерінде жиі кездесетін жайт.

Жігітінің сөзін естіген қыз еңіреп жылап қалды. Той меймандары күйеу жігітті ақылға шақыра бастады, бірақ ол түпкілікті шешім қабылдағанын айтты.

Жергілікті ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары қыздың жанын жаралаған ер адамның әрекетін айыптап жатыр. Олардың айтуынша, сұлулық бетте емес, жүректе.  

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай