18 ақпан 2015 18:25

Қарағанды хайуанаттар бағында егіз шөнжік туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот Скриншот

Қарағандының хайуанаттар бағында 15 жылда тұңғыш рет егіз шөнжік дүниеге келді, - деп хабарлайды ТengrinewsТV видеопорталы. 


Қарағандының хайуанаттар бағында 15 жылда тұңғыш рет егіз шөнжік дүниеге келді, - деп хабарлайды ТengrinewsТV видеопорталы. 

Хайуанаттар бағы қызметкерлері Амур жолбарысының жаңа туған егіз күшіктерін жетіліп кеткенше үш ай бойы көпшілікке көрсетпеген. Егіз шөнжіктер - Майя атты жолбарыстың балалары. Қазір егіз аңдар енелерін еміп, ет жеп жүр. Әзірше оларға ат қойыла қойған жоқ. Шөнжіктерге әдемі есім беру үшін қала тұрғындары арасында байқау ұйымдастырылмақшы.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, қолға үйретілген Амур жолбарыстарының балалауы сирек кездеседі. Бұл хайуанаттар бағында олар соңғы рет 2000 жылы күшіктеген. Амур жолбарысы - Қызыл кітапқа енген аңдардың бірі. Әлем бойынша бұл жыртқыштардың қатары - 200 басқа жуық қана. 

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде екі күзеннің пайда болғаны хабарланған еді. Оларға белгілі әнші жұп - Қанат және Света Айтбаевтардың есімі берілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети