Қарағанды облысының әкімі банан жеу акциясын қолдады

02 Мамыр 2014, 15:36
0
Қарағанды облысының әкімі банан жеу акциясын қолдады - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбішев (ортада).
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбішев (ортада).

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев нәсілшілдікке қарсы банан жеу акциясын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына банан жеп тұрған суреті мен "Біз нәсілшілдікке қарсымыз", - деген жазба қалдырған.

Еске салайық, банан жеу акциясы әлеуметтік желілерде "Барселона" клубының қорғаушысы Дани Алвесті қолдаумен басталған еді. Испан біріншілігінің кезекті матчында қорғаушы бұрыштама соққысын орындауға дайындалып тұрған. Бірақ кенеттен оның тарапына жанкүйерлер банан лақтырған. Бұл жәйттан еш қымсынбаған футболшы бананды жеп алды. Кейінірек қарсылас команданың жетекшілері өздерінің әлеуметтік желісінде мұндай әрекет жасалған жанкүйер анықталып, ол алдағы уақытта өз командасының матчтарына мүлде кіре алмайтынын айтты. Мұндай даулы оқиғадан өзге де футболшылар шет қалмай, Алвесті қолдау үшін банан жеп тұрған суреттерін Instagram желсіне сала бастады. 

Қолдау акциясын тек қана футболшылар емес, сонымен қатар атақты адамдар, актерлер, әншілер, саясаткерлер да қолдауда. Мысалы, банан жеп тұрған суретін Эквадор президенті де жариялаған. 

 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай