Қарағандыда балықшы ару анықталды

10 Наурыз 2014, 15:30
0
Қарағандыда балықшы ару анықталды - Ольга Коровикова. ©Новый Вестник
Ольга Коровикова. ©Новый Вестник
Қарағандыда "Балықшы ару" анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасап.

Өңірде дәстүрлі түрде өтетін балық аулау жарысына Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларынан отыз шақты адам қатысты. Олар балықты мұздан жылтыр қармақпен аулады. Олжаға бірінші болып қол жеткізген - Саран қаласының балықшысы Вячеслав Угнивенко. Ал ең ірі балықты теміртаулық Владимир Кузьмичев аулап алды, оның қармағына іліккен көксеркенің салмағы - 435 грамм.

Сайыскерлер арасынан үздік балықшы ару да анықталды. Бұл атақ Ольга Коровиковаға бұйырды. Байқаудың нәтижесінде командалық есеп бойынша Қарағандыдан келген балықшылар жеңіске жетті. Олар олжалаған балықтың жалпы салмағы 1,5 келі тартады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай