04 желтоқсан 2020 09:22

Қарағандыда көлік суға батып кетті. Желіде видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/asphalt.kz © instagram/asphalt.kz

Әлеуметтік желіде Volvo маркалы көлігін судан шығарып жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Volvo маркалы көлігін судан шығарып жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода жүргізуші мұздың үстіне дрейфтеу үшін шыққаны айтылады. 

Жүргізушінің өзі жағдай мүлде басқаша болғанын айтады. 

"Негізі мен дрейфтеген жоқпын, тек жөндеуден шыққан көлігімді тексергенмін. Артқы белдігі қалай жұмыс істейтінін тексермек болдым. Бұл аймақ тексеру үшін қолайлы деп ойладым. Себебі тұрақта да, жолда да көлік көп қой. Бірақ мұз шыдамады. Бірақ сол күні мұз үстінде көлік аз болатын. Олар менің көлігімнен әлдеқайда жеңіл болды. Ал мен асықпай жүрдім, тіпті бір орында тексердім десем болады. Сөйтіп мұз шыдамады. Бәлкім мұздың жарылуына ауа райы да әсер еткен шығар. Бірақ болары болды", - дейді көлік иесі Сергей. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Авто Журнал Караганда (@asphalt.kz)

Оқиға 1 желтоқсан кешкі уақытта болған. Сергей көлігі батып бара жатқанын сезіп, тез қозғалып, көліктен шығып кеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

"Мен әскерде болдым. Ол жерде әртүрлі жағдайдан шығуды үйретті. Екі тонна Volvo көлігім суға батып бара жатқанда көліктен лезде шығып, жан бағуыма тура келді. Судан кешке шығарып алдық. Көп адам жиналып, видеоға түсіріп жатты. Сондықтан видео Желіде тарап кетті. Өзім Instagram-да отырмаймын, сондықтан кімнің не жазып жатқанын білмеймін. Бірақ таныстарым адамдар әртүрлі пікір жазып жатқанын айтады. Бірақ ол әлеуметтік желі болғандықтан бәрі қызу талқыға түседі", - дейді көлік иесі.  

Бүгінде Сергейдің көлігі жылыту боксында. Ол қайтадан іске жарамды бола ма, әлде жоқ па белгісіз. Оның таныстары мен жақындары ақшалай көмек жинап жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Авто Журнал Караганда (@asphalt.kz)

"Мен ешқашан ақша жинауды сұраған емеспін, сұрамаймын да. Көбіне таныстарым мен Volvo club-тағы достарым жинап жатыр. Оларға алғысым шексіз. Біз үнемі бір-бірімізге көмектесуге тырысамыз. Ал жалпы бүкіл Қазақстаннан көмек сұраған емеспін. Болған оқиғаға өзім кінәлімін ғой", - дейді Сергей.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети