07 маусым 2019 | 12:59

Қарағандыда Пушкиндер серуендеді

© ekaraganda.kz

Еліміздің бірнеше қаласында "220 Пушкин Қазақстанда серуендеп жүр" флеш-мобы өтті. Қарағанды қаласы да бұл шарадан қалыс қалған жоқ. Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің "егіздер" қаладағы орталық көшелерінде тұрғындарға сұрақ қойып, дұрыс жауап үшін сыйлық сыйлады, - деп хабарлайды eKaraganda

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің бірнеше қаласында "220 Пушкин Қазақстанда серуендеп жүр" флеш-мобы өтті. Қарағанды қаласы да бұл шарадан қалыс қалған жоқ. Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің "егіздер" қаладағы орталық көшелерінде тұрғындарға сұрақ қойып, дұрыс жауап үшін сыйлық сыйлады, - деп хабарлайды eKaraganda

Александр Сергеевичтің суреті бейнелеген масканы оқушылар, студенттер тағып алып, қаланың біршама бөлігінде жүрді, сондай-ақ, олар Теміртау мен Саран қаласында тұрғындарға ақын жайлы сұрақтар қойды. Тұрғындар Пушкин суретімен фотоға түсіп, әлеуметтік желіде #pushkin220kz хэштегімен жариялады. 

Реклама
Реклама

Алтыншы маусымда орыс тілі күні атап өтілді: ол 2010 жылы БҰҰ-ның жұртшылықпен байланыс департаменті ұйымның алты ресми тілдеріне арналған даталарды белгілеуді ұсынғанда халықаралық күнтізбеде пайда болды. Александр Сергеевичтің туған күні де - 6 маусым, ақын қазіргі әдеби орыс тілінің негізін қалаушы болып саналады.

Жас қарағандылық ақын және шығармашылық кештердің қатысушысы Гарри Азарян Қарағанды "220 Пушкин Қазақстанда серуендеп жүр" флешмобының еріктілерінің бірі болды. Осындай интеллектуалды ойын-сауық шараға қатысуды танысы ұсынған екен. Гарри Александр Сергеевичтің суреті бар таңбаны ұтып алу үшін тұрғындар викторинаның барлық сұрақтарына дұрыс жауап бере алмағанын айтады. 

Үш қаланың тұрғындары Александр Пушкин туралы сұрақтарға жауап беруге қуана келісті және сыйлықтарға қуанды. Алайда, ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мүлде қарапайым сұрақтардың өзіне жауап беруге қиналғандар болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная