Қарулы Күштердегі қызмет адамды қалай өзгертеді

02 Мамыр 2016, 14:48
0
Қарулы Күштердегі қызмет адамды қалай өзгертеді - Видео кадры
Видео кадры

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі "Қарулы Күштердегі қызмет адамды қалай өзгертеді" деген роликті жария етті.

Роликтің басты кейіпкерлері азаматтық өмірден кейін қазақстандық армия қатарына кіреді. Одан кейін олардың өмірі мәңгіге өзгеріп шығады. "Роликтің мән-мағынасы - Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі қызмет адамды қалай өзгертіп, патриотизмге үйрететінін көрсету", - делінген хабарламада.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде маңызды мереке - ҚР Отан қорғаушылар күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл мейрам барша қазақстандықтар, Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді қорғаған және бүгінде Отанға қызмет етіп жүрген адамдар үшін қасиетті мереке болып саналады. Түсірілімге 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен құрмет қарауылы ротасы қатысты.


Видео кадрлары


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай