27 маусым 2014 18:11

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кестесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

islamnews.tj фото islamnews.tj фото

2014 жылғы Рамазан айы 28 маусымда басталады. 2014 жылғы ораза кестесінің басты ерекшелігі биыл бұл ай шілдеге дөп келіп тұр. Дінтанушылардың айтуынша, биылғы Рамазан айының ораза кестесі жыл 12 айдың ең ыстық кезеңімен сәйкес келіп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2014 жылдың 28 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні болып бекітілді. Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді.

Рамазан айы басталғаннан немесе ораза кестесі іске қосылғаннан бастап, ораза ұстауға бел буған жандар қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл – әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фикһта бес түрлі кәффарат бар:

1. Ораза кәффараты

Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар» (Мұхаммед, 47/33). Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті (кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс оразаларға тек қана қаза керек.

2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің кәффараты

Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» (құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеу тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға мұсылманды өлтіру – жараспайтын іс-әрекет. Бірақ қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген адамның иесіне құнын төлеуі тиіс» (Ниса, 4/92) делінеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети