18 ақпан 2019 10:28

Кәсіпкер Астанада контейнерде тұрып жатқан отбасыға пәтер сыйлауға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kokshetau.asia © kokshetau.asia

Астаналық кәсіпкер Қоянды ауылында контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасыға пәтер сатып алып беруге уәде етті, - деп хабарлайды "Кокшетау Азия".


Астаналық кәсіпкер Қоянды ауылында контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасыға пәтер сатып алып беруге уәде етті, - деп хабарлайды "Кокшетау Азия".

Құрмет пен Ермекбай балаларымен Астанаға Түркістан облысынан нәпақа табуға келген. Алайда елордалық өмір олар ойлағаннан әлдеқайда басқаша болып шыққан, осылайша сегіз адамнан тұратын отбасы темір контейнерді паналаған.

Осыған дейін отбасы әкелерінің бір айлығына (60 мың теңге) және бір жасқа дейінгі балаларға берілетін жөргекпұлға өмір сүріп келген. Отбасы әлеуметтік көмек алмайды, себебі олардың тұрақты мекенжайы жоқ. 

"Шапағат" қайырымдылық қоры осы әулеттің жағдайын қарастырып, сұрастыра бастағанда көпбалалы отбасыға көмектесуге көптеген адам қол ұшын созған.

"Біз контейнерге кіргенде балалар суықтан және аш болғандықтан жылап жатты. Үстелде екі сәбіз, екі картоп, басқа ештеңе болмады, - дейді қор құрылтайшыларының бірі Назгүл Мақжан. - Facebook желісінде осы отбасының жағдайын жазғанымда бір тәулік ішінде бір тоннаға жуық азық-түлік пен 600 мың теңге алып келді, ақша әлі де түсіп жатыр. Бірақ ең басты жақсы жаңалық - бізге бір кәсіпкердің көмекшілері хабарласып, отбасыға үй алып беретінін айтты. Олар қажетті құжаттарды дайындауды сұрады және келесі аптаның басында хабарласатынын мәлімдеді".


© kokshetau.asia

Сонымен қатар, мектеп басшылығы да осы отбасыдағы үшінші және бесінші сыныпта оқитын қыздардың мәселесін шешуге уәде берді. Олар сабаққа бару үшін күніне 8 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети