"Қайырымды жан" екі айлық қазақстандықтың ата-анасына 20 мың доллар берді

06 Қыркүйек 2018, 18:22
0
"Қайырымды жан" екі айлық қазақстандықтың ата-анасына 20 мың доллар берді -

Өзін құпия сақтауды жөн көрген қазақстандық екі айлық Полина Васильевнаның ата-анасына 20 мың доллар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Екі айлық Полинаның анасы Дарья Васильева жолдасымен Түркияға қызына ұшуға дайындалып жатыр. 

"Жағдай жақсарып келеді, қаржылай көмектескен өте мейірімді адам шықты. Қазір ұшып бару мәселесі шешіліп жатыр. Жақында қызымызбен бірге боламыз", - деп қуанышты жаңалығын бөлісті Дарья. 

Әйелдің айтуынша, ол бұл адамның кім екенін білмейді. Өзі үшін оны жай ғана "қайырымды жан" деп атайды. 

"20 мың доллар әкеп берді. Оның кім екенін білмеймін. Шын. Мен оған шексіз алғысымды айтамын. СІМ өкілдері де араласты, қоңырау шалып бір сағат ішінде ақшаны алып келетіндерін айтты. Үйге келгенде ақшаның көмек екенін айтты. Шынымды айтам, әлі күнге дейін есеңгіреп жүрмін. Әлемде мейірімді жандар бар екен", - дейді Дарья. 

Әйелдің айтуынш, ол дереу жолдасына хабарласып қуанышты жаңалықты айтқан. Күйеуі жұмыстан келе салып олар баланың оралуына бөлмені дайындамақшы. 

"Бізге көмектескен және әлі күнге дейін көмектесіп келе жатқан жандарға алғысымды айтамын және бізге қаржылай көмектескен "жақсы адамға" үлкен-үлкен рахмет. Басымды иемін", - дейді Дарья. 

Сыртқы істер ведомствосындағылар екі айлық Полинаға қажет болса санитарлық авиация ұшуға дайын екенін айтты.

"СІМ жағдайды қадағалап отыр. Клиниканың әкімшілігімен қызметтердің құнын барынша азайту бойынша  келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақын арада түрік дәрігерлерінің консилиумы баланы тасымалдау тәсілі туралы шешім қабылдауы керек. Олар сәби рейстік ұшақпен елге аман-есен орала алады деп шешсе, Полинаны рейстік ұшақпен алып келеді. Ал жабдықталған борт керек десе, онда санитарлық авиация жібереміз ", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Полина Васильева маусымның соңында Кемердегі жол бойындағы жанармай станциясының дәретханасында дүниеге келген деп хабарланған. Ата-аналары жолдамамен теңізге демалуға кеткен. Мерзімінен бұрын босану басталғанда әйелде жүктіліктің 24 аптасы болған. Ауруханаға барар жолда әйел жанармай станциясының дәретханасында туған, оны күйеуі босандырған. Ана мен бала Анталиядағы клиникалардың бірінде ауруханаға жатқызылды. Кейінірек Дарья мен күйеуі Алматыға оралып, ал бала Түркияда қалды.

"Полина қазір Анталиядағы Akdeniz University түрік ауруханада жатыр. 27 тамызда бізге оның жағдайы орта ауыр екені жайлы және түрік ауруханасы құжаттарды прокуратура, сот және қамқоршы органдарға жіберді делінген хат келді. Бізге ол Түркия Республикасының азаматшасы болып кепес үшін ауруханаға тезірек ақшасын төлеу керек деп айтты. Мұның алдында да ақша жинап жүргенбіз, бірақ хабардан кейін барлық жерге дабыл қаға бастадық. Қазірше бәрі тыныш. Достар мен туыстар мүмкіндігінше көмектесті, бірақ қазір небәрі 120 мың теңгеміз бар", - деген алматылық әйел.

Дәрігердің қызметіне 20 мың доллар төлеу керек. "Біз баламызды алып кеткіміз келеді, себебі ол біздің бала, науқас болса да алғымыз келеді. Қызымызға Полина деген есіп қойдық, бірақ құжаттар бойынша ол "бебек Васильева" деп жазылған, яғни "Васильеваның баласы", - дейді Дарья. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай