Қазақ қызы Miss Fashion Russia сұлулық байқауында жеңіске жетті

03 Қараша 2018, 15:46
0

Тегі қазақ қыз "Miss Fashion Russia" сұлулық байқауында "Миссис 2018" категориясында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сән индустриясында табысты дамып келе жатқан қыздар арасындағы жыл сайынғы сұлулық байқауының ақтық сыны Мәскеуде өтті. 29 жастағы Жанна Есенжолованың тәжін ресейлік пародист Александр Песков кигізді. "Миссис 2018" атағынан бөлек, қыз сұлулық салондары желісіне және үйлену той көйлектерімен айналысатын жас дизайнерлердің сән үйінің келбеті болды.

Жанна Есенжолова байқауға кездейсоқ келгенін және бірден номинациялардың бірінде жеңіске жеткенін мойындады.

"Miss Fashion Russia байқауына қатысайын дегенім жоқ. Құрбым қатысу керек болған, бірақ іс-сапарға кетуіне байланысты менен алмастыруымды өтінді. Байқаудың бас продюссеріне бардым, мені қабылдады. Күйеуім соңына дейін бұл туралы білмеді. Жеңілсем айтпаймын, жеңіске жетсем айтармын деген ой болған. Қазір ол біледі және бәрі жақсы", - деді қыз.


Жанна Есенжолова Тверде дүниеге келген. Ресей азаматты. Қыздың бойында қазақтың қаны бар: анасы - қазақ, әкесі - метис (анасы украин, ал әкесі - қазақ).

"Алматыны өте жақсы көремін. Бала кезімізде демалыста жиі ұшып келетінбіз, тауға шығатынбыз. Тауларыңызды жақсы көремін! Алматыны өзімнің туған қалам деп санаймын", - деді қыз.

Қазір Жанна мен жұбайы Мәскеуде тұрады. Ерлі-зайыптының екі баласы бар: алты жасар ұлы мен төрт айлық қызы.

"Ұлым үш жасынан бастап хоккеймен айналысады. Боксқа да қатысады. Мектепке дайындық үстіндеміз, келесі жылы бірінші сыныпқа барады. Ал қызымыз әлі кішкентай. Ол Лос-Анджелесте дүниеге келген", - деді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай