06 маусым 2014 | 13:14

Қазақ "рулары" моншада жалаңаш жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Әр жексенбі сайын жамағайын інімді ертіп, қоғамдық моншаға барамын. Охо, Сіз білмейсіз ғой, ол жерден тек тәнімді тазалап қайпаймын. Түрлі қызықты әңгімелер тыңдап, рухани байып серпіліп қаламын. Шынын айтайын, моншада жалаңаш еркектердің айтатын үш қана әңгімесі бар. Біріншісі – саясат, екіншісі – ру сұрасып, ата-бабалар жайлы аңыздардан сыр шерту, үшіншісі – (ішіңіз сезеді-ә!) әйел һәм тоқал мәселесі. Өткен аптада тағы да рухани байып қайтпақ болып, моншаға барып едім. Бұ жақтың "тұрғындары" бұрынғындай ру сұраспайтын болыпты. Оның орнына жалаңаш еркектердің көбі өз руларының аты жазылған бас киім (парда киетін) киіп алған.

Иконка комментария блок соц сети

Осы жазушылар, зиялы қауым һәм журналистер руға бөліну, жіктелудің қауіп-қатері жайлы жиі жазады ғой. Сөйте тұра өздері рушылдықтың індетімен ауырып, бір-бірінің аяғынан шалып жататыны бар. Демек, бізді былай қойып, рушылдық ауруымен өздері де ауырады деген сөз. Моншадағы әңгімелерге құлақ түргенде білгенім, біздің шенеуніктер де рулық қатынастарға баса мән береді-міс. Оның қасында моншадағылардың ісі кешірімді секілді көрінеді.

Бірақ... Иә, бірақ бұл пікірімді басқа бір ой алқымнан алып, буындырып жатыр. Мәселен, Жалайыр, Албан, Шапырашты, Найман секілді ру аттары қазақ халқы үшін қандай қасиетті екенін кез-келген адам жақсы білсе керек. Шежіре-тарихқа үңілсеңіз де аталмыш сансыз рулардың бүгінгі мемлекеттілігімізге сіңірген еңбегін түсініп, риза боласыз. Бұл рудан шыққан азаматтар әлі де ел мен жердің амандығы үшін барын салып, күресіп келеді. Тіпті, "жеті атасын білмеген - жетесіз" деген ұлағатқа ұйыған азаматтарымыз өз бабаларын шамасы келгенше құрметтеп, олар жайлы жағымсыз пікір айтылса, жағадан ала түсуге бар. Ендеше, сол құрмет қайда қалды? Қарны қампиып, "шүметейі" салпиып, басына Жалайырдай қасиетті адамның аты жазылған тақия киіп, кірін езіп отыру қазақтыққа сай ма? Бұл бір.

Мақаланың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети