Қазақстан қауіпсіз елдердің тізімінде АҚШ-тан басып озды

12 Қазан 2016, 16:17
0
Қазақстан қауіпсіз елдердің тізімінде АҚШ-тан басып озды - © Astana.diplo.de
© Astana.diplo.de

Қазақстан қауіпсіз елдердің тізімінің ортасына орналасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бүкіләлемдік экономикалық форумның берген есебіне сілтеме жасап.

Тізімде 141 мемлекет бар. Қазақстан 73-орында тұрған АҚШ-тан басып озып, тізімнің 72-орнына тұрақтады. Айта кетейік, ТМД елдерінің арасында қауіпсіздік жағынан 64-орындағы Молдова мемлекеті көш бастады. Ал Қырғызстан тізімде 97-ші болып тұрса, Ресей тізімнің соңында 126-орында қалды.

Жалпы рейтингте Финляндия елі көш бастап тұр. 2-орында Катар болса, 3-орынға Біріккен Араб Әмірлігі тұрақтады. Ал тізімдегі төртінші ел -  Исландия мемлекеті. Соңғы үш орында Нигерия, Колумбия және Йемен елдері тұр.

Айта кетейік, тізім жасалған кезде мемлекеттердегі қылмыс деңгейі, онымен қоса терроризм, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі мен тәртіп сақшыларының азаматтарды қаншалықты қорғай алатыны ескерілді.

Осыған дейін АҚШ-та Қазақстанды "аса қауіпті елдердің" тізіміне қосу ұсынылған болатын. Құжат бойынша, тізімдегі елдердің азаматтары америкалық виза алу үшін беретін өтінім кем дегенде 30 күн тексеріледі, сонымен қатар, осы елдерден келетін босқындарға деген бақылау күшейтіледі. Айта кетейік, тізімге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Солтүстік Корея, Катар, БАӘ, Пәкістан, Ауғанстан, Мысыр және тағы да 30 шақты араб және африкалық елдер кіріп отыр. "Қауіпсіздік актісін" Кентукки штатының сенаторы Рэнд Пол жасаған.




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай