11 қыркүйек 2017 11:07

Қазақстанда "BI Group-тан мамандыққа ие бол" байқауы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы компаниялардың бірі - BI Group "Жұлдыз FM" радиосымен және "Массагет" порталымен бірге жаңа әлеуметтік жоба бастады. 


Еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы компаниялардың бірі - BI Group "Жұлдыз FM" радиосымен және "Массагет" порталымен бірге жаңа әлеуметтік жоба бастады. 

"BI Group-тан мамандыққа ие бол" атты жобаның мақсаты - құрылысшы мамандардың бейімділігін арттырып, жұмысшы мамандығына қоғам назарын аудару. Әлеуметтік жоба әсіресе дарынды ауыл жастарына Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясынан жұмыс орны мен мамандық алуға мүмкіндік береді.

"Бүгінде Қазақстанда білікті мамандар тапшы. Жастар жоғары білім алуға, кеңсеге жұмысқа тұруға тырысады, бірақ қазіргі уақытта ешкім "қолмен" жұмыс істеуге тырыспайды, - дейді BI Group Development "МЖК-Астана" дивизионының директоры Руслан Мергалимов. - Құрылыс саласының да үлкен болашағы бар. Астанада құрылыс жақсы дамып жатыр, жылжымайтын мүлік құрылысы да. Статистикаға қарағанда, 2025 жылы елордамызда екі миллион тұрғын болады. Біздің әлеуметтік жобамыздың мақсаты - құрылысшы мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ, жастарға, ауылдық жерлердегі адамдарға құрылыс саласында тәжірибелік білім беру".

Байқауға Қазақстанның 18-25 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады. Үміткерлер неге құрылыс маманы болғысы келетіні туралы қысқаша эссе жазуы тиіс (2 беттен көп емес, А4 форматы) және өзіңіз туралы қысқаша ақпарат беруді, телефон нөміріңізді жазуды ұмытпаған жөн. Өтініштер bigproject@bi-group.org электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сонымен қатар, 8 771 505 11 65 телефоны арқылы (жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін) хабарласуларыңызға да болады.

"Біз BI Group компаниясының акциясын қуана отырып қолдаймыз. Бұл расында әлеуметтік маңызы бар жоба. Жобаның мақсаты - акция жеңімпаздар жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Біздің ойымызша, дәл осындай бизнес жастарға белсенді түрде әсер етіп, нағыз жетістіктерге жетуге ынталандырады", - деді "Жұлдыз ФМ" мен Tengri FM радиостанцияларының креатив директоры Сергей Майборода.

Айта кетейік, өтініштер 22 тамыз-22 қыркүйек аралығында қабылданады.

Бірінші кезеңде байқаудың қазылар алқасы үздік эссе авторларын таңдайды. Жеңімпаздар компанияның Корпоративтік университетінен 1 айлық оқытудан өтеді.  Бір айдан кейін байқаудың екінші кезеңі өтеді. Оқытудың нәтижесі бойынша емтихан тапсырады. Емтиханды сәтті тапсырғандар арнайы жастар бригадасына кіріп, компанияның жобаларында жұмыс жасайтын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети