29 сәуір 2014 17:41

Қазақстанда сәлемдеме жіберетін пошта автоматтары пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото rus-promisel.ru сайтынан алынды Фото rus-promisel.ru сайтынан алынды

Қазақстанда сәлемдеме жіберетін пошталық автоматтар пайда болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" компаниясының жетекшісі Асхат Бейсенбаевқа сілеме жасап.


Қазақстанда сәлемдеме жіберетін пошталық автоматтар пайда болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" компаниясының жетекшісі Асхат Бейсенбаевқа сілеме жасап.

"Ағымдағы жылдың екінші жартысында "Қазпошта" Қазақстан үшін мүлде жаңа жоба - постаматтарды іске қосады. Бұл банкоматтарға тікелей ұқсас келеді, қолма-қол ақша алатын секілді, жұртшылық одан сәлемдемелерді ала алатын болады. Маңыздысы сол, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Алғашқы 18 постаматтар пилоттық режимде Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында орналастырылатын болады", - деді А.Бейсембаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында.

"Қазпошта" өкілдері постаматтардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Егер бір адамға сәлем-сауқат келсе, онда оның қай постаматта тұрғаны жөнінде әлгі адамға SMS-хабарлама келеді. Сонымен бірге хабарламада код жазулы тұрады, осының көмегі арқылы ол сәлемдемесін ала алатын болады. Ал сәлемдемені жіберу үшін сәлем-сауқатқа тәуелді ұяшық көлеміне орай пастоматты таңдау керек. Төлем төлеп болғаннан кейін штрих-код беріледі, ол сәлемдемеге жабыстырылады, автоматқа көшіріліп, одан кейін ұяшық ашылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети