31 қазан 2018 09:56

Қазақстандық әйел 58 жасында ана атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almaty.tv ©almaty.tv

Қазақстандық Оралхан Байзақова 58 жасында ана атанды. Өзінің қиын тағдыры туралы ол Almaty телеарнасындағы "LIFE СТУДИЯ" бағдарламасында айтып берді.


Қазақстандық Оралхан Байзақова 58 жасында ана атанды. Өзінің қиын тағдыры туралы ол Almaty телеарнасындағы "LIFE СТУДИЯ" бағдарламасында айтып берді.

Амал не, үйленгеннен кейін Оралхан бірнеше рет түсік тастап, үш рет ЭКО жасауға тырысып, ақыры сәтсіз бола берген. Байзақованың жұбайы 55 жасында қайтыс болып, ол ана бақытынан біржола күдер үзеді. 

"Мен тым құрығанда сәбиімді балалар үйінен ала аламын деп ойлаған едім. Алайда, онда маған лайықты бала жоқ екенін айтты", - деп еске алды Оралхан.

Сонда әйел жасанды ұрықтандыру процедурасынан қайтадан өтуге шешім қабылдайды. Бірақ клиникадағы дәрігерлер оның репродукциялық органы жоқ екенін мәлімдеген.

"Кейбіреулер маған сын көзбен қарайтын. Тіпті медбикелер артымнан сөйлеп күлетін", - деді Оралхан. Сол кезде ана болу арманын үзіп, бірден Райымбек атаның басына барған екен.

"Сол жерде кішкентай бала жанымнан шықпай айналшықтап жүрді, жасы шамамен 2,5 жаста еді. Мен оған біраз уақыт қарап тұр едім, маған жүгіріп келіп қолымнан алды", - деді әйел.

Артымнан осы көріністі көзі шалып қалған бейтаныс маған: "Не тілеп едіңіз? Райымбек ата тілегіңізді қабыл етті" деді. Осыдан кейін Оралхан жаз бойы барлық әулие-әмбиелерді аралап шығып, 56 жасында ЭКО жасатуға шешім қабылдады.

"Маған қаралсын деп, бір жақсы клиникаға баруыма кеңес беріп, сол жерде маған көмек көрсете алатынын айтты. Бірден қасымдағылардың максимал жасын сұрай бастадым. Сөйтіп, ең егде жастағы 40-та екен. Қорқып дәрігердің кабинетіне әрең кірдім. Бірақ ол кісі маған тіпті қараған да жоқ. Қағаз толтырумен болды. Сөйтіп, "Менің жасымды сұрамайсыз ба?" деген кезде, дәрігер маған жасымды білетінін айтып, қажетті дәрі-дәрмектерді жазып берді, оларды сатып алуым керектігін айтты. Екі аптадан кейін қайта тексерілуге келуім керектігін де ескертті.

Тест жасаудың уақыты келген кезде қатты қорықтым. Баламның үш айлығына дейін аяғымның ауыр екеніне сенбей жүрдім. Сөйтіп, 58 жасымда қызымды дүниеге алып келдім. Бұрын мінезім қатал болса, қазір сәбиімнің арқасында мінезім де өзгерді", - дейді Байзақова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети