07 қыркүйек 2015 12:32

Қазақстандық депутаттар жексенбі күндері де жұмыс істейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық депутаттар жексенбі күндері де жұмыс істейтін болды. Мәжілісмен Ахмет Мұрадов тілшілерге парламенттегілердің 56 заң жобасын талқылауы керектігін, осыған байланысты көп және ұзақ жұмыс істеуі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде 56 заң жобасы болуы керек және осы айдың ішінде оның барлығын талқылауымыз қажет. Өте тығыз кесте. Бізде жұмыс топтарының отырысы сенбіге, жексенбіге, кешкі алтыға белгіленген және, меніңше, коммунистер фракциясының жетекшісі Косаревтің сенбі күніне 8-ден 10-ға дейін үйренуіміз керектігі жайлы айтқаны бұл өте аз, бұдан да көп және ұзақ жұмыс істеуімізге тура келеді", - деді тілшілерге Қазақстан халқы ассамблеясының депутаты Мәжілістегі таңғы отырыстардың бірінен кейінгі үзілісте. Айта кетейік, бүгінге төменгі палатада жаңа заң жобасының бірнеше таныстырылымы белгіленген.

Айта кетейік, Мәжілісте жазғы каникулдан кейін бірінші жалпы отырыста Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов мәжілісмендерден заң жобаларын жылдам қабылдау сұраған болатын. Ол 56 заң жобасының 7 қазанға дейін қабылдануы керегін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети