Қазақстандық командалардың КВН ойындарында көрсеткен үздік өнерлері жарияланды

08 Қараша 2016, 11:55
0
Қазақстандық командалардың КВН ойындарында көрсеткен үздік өнерлері жарияланды - Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов
Қазақстандық командалардың КВН ойындарында көрсеткен үздік өнерлері жарияланды - "Каzахи" командасы
"Каzахи" командасы

8 қарашада Көңілді тапқырлар клубы 55 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. 1961 жылдың 8 қарашасында КВН бағдарламасы алғаш рет эфирге шыққан. Айта кетейік, көптеген КВН командасының қатысушылары сахналарда өнер көрсетіп болған соң танымал жұлдыздарға, шоумендерге, тележүргізушілерге, продюсер немесе режиссерға айналады. Олардың арасында көрермен көзайымына айналған қазақстандық қатысушылар да бар. Tengrinews.kz КВН командалары көрсеткен өнерлерінің ішіндегі үздік ондықты ұсынады.

1. Назарбаев пен Путин екеуінің альбомдары. "Астана.kz", 2006 жылғы  1/8 финал.

2. Қазақтар мен National Geographic. "Астана.kz", 2006 жылғы 1/4 финал.

 3. Бред Питт, "Пойми меня", қазақстандық жарнама мен "Стоп, стоп! Всего четыре буквы..." - "Астана.kz" , 2006 жыл, Сочи.

4. ҚБТУ құрамасы, Сочи, 2007 жыл. Қатысушылардың арасынан "Азия Микс" пен "Спарта" командаларының ойыншыларын көруге болады.

5. "Проходят дни, пролетают года, а вокруг одни казахи..." командасы,  "Астана.kz" Юрмаладағы фестиваль.

6. Қазақтар пәтерлерді қалай жалға алды? "Каzахи", жартылай финал, 2010 жыл.

7. Шыңғысхан. "Каzахи", финал, 2010 жыл.

8. Тұрсынбек қайын ене рөлінде немесе "мне пора в Казахстан", 2010 жыл, финал.

9. Ең тапқыр қазақ Тина Канделакимен бірге. "Каzахи", жартылай финал, 2012 жыл.

10. КиВиН, "Спарта" командасы, 2015 жыл.

Айта кетейік, осыған дейін "Спарта" командасының капитаны демеушінің жоқтығына шағымданған болатын. "Спарта" КВН командасы 2014 жылы жоғары лигада өнер көрсеткен болатын. Ал 2015 жыл олар үшін ең сәтті жыл болды. Қазылар алқасы оларға Светлогорскіде өтетін жазғы фестивальға қатысуға мүмкіндік берген еді. Осылайша 2016 жылы "Спарта" командасы екінші рет финалға шығып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай