Қазақстандық миллиардер Әлижан Ибрагимов Бодрумға үлкен яхтамен жүзіп барды

10 Қыркүйек 2015, 14:28
0
Қазақстандық миллиардер Әлижан Ибрагимов Бодрумға үлкен яхтамен жүзіп барды - © Gursesintour.com
© Gursesintour.com

Түркияның Бодрум айлағында қазақстандық миллиардер Әлижан Ибрагимовқа тиесілі 101 метрлік IDYNASTY яхтасы көзге түсті, - деп хабарлайды Gursesintour.com.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Ибрагимов Эгей теңізімен саяхат жасап жүр. Миллиардер Бодрум аралына Грекияның Миканос аралынан келген деген болжам бар. Ол Түркия шипжайына әйелінің туған күнін тойлау үшін барған. Ибрагимовпен бірге оның бизнестегі серіктестері мен жақын достары, соның ішінде Александр Машкевич саяхттап жүр.

Айта кетейік, ұзындығы 101 метр болатын IDYNASTY яхтасында барлық жағдай жасалған. Кемедегі экипаж мүшелері мен қызметшілерді қосқанда 33 адам бар. Яхта 140 миллион евроға бағаланған.

Forbes басылымының мәліметінше, Ибрагимов Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарына кіреді. Ол байлығы жөнінен отандастарының арасында екінші орында, яғни Болат Өтемұратовтан кейін тұр. Журналдың мәліметінше, Ибрагимовте 2,2 миллард доллар бар. Ол әлемдегі ең ірі ENRC компаниясына иелік етеді, сонымен қатар "Еуразиялық банк" акционерлік қоғамының президенті. Forbes тізімінде кәсіпкер 847-ші орында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай