22 желтоқсан 2016 13:12

Қазақстандық зейнеткерлердің Аяз Атадан қандай сыйлық күтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ok.ru © ok.ru

Қазақстандық зейнеткерлер Аяз Атаға хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық зейнеткерлер Аяз Атаға хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

20 желтоқсанда "Қазпошта" ұйымдастырған жыл сайынғы "Аяз Атаға хат жаз" жаңажылдық акциясы аяқталды. Көптеген баланың хатының ішінен қызметкерлер әжелердің де жазған хатын тапты. Жантебірентер хаттарды зейнеткерлердің өздері және белгісіз адамдар жазған. 

Мысалы, бір зейнеткер Аяз Атадан сыйлыққа мультиварка сұрайды. Егде тартқан әжей тоғыз немересіне пайдалы әрі дәмді тағамдар даярлауды армандайды екен. 

Көптеген әже өз хаттарында ескі теледидарын жөндеп беруді не жаңасын алып беруді сұраған. Зейнеткерлердің айтуынша, теледидар олардың жалғыз қуанышы болып саналады. 

 Аяз Атаға хат жазғандар арасында белгісіз хат жазушыларда болды. Қыз бала бір зейнеткер мен екі немересіне көмек беруді сұрайды. Екі қызды әжей жалғыз бағып жатқан көрінеді, қыздардың анасы қайтыс болғаннан кейін күйеуі балаларын тастап кеткен. 

Осыған дейін алматылық зейнеткердің Аяз Атаға жазған хаты Қазнетті тебіренткен болатын. Ол өз хатында Аяз Атадан азық-түлік алып беруін сұраған. Кейінірек 90 жастағы Тамара Юргенстің үйіне әкімдіктің қызметкерлері келіп, Ардагерлер үйіне ауысуға ұсыныс білдірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети