28 желтоқсан 2019 15:07

Қазақстандықтар әуе апатынан зардап шеккендердің туыстарына өз билеттерін берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қайтыс болған және зардап шеккен жолаушылардың туыстарына бұрындары алып қойған өз билеттерін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандықтар Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қайтыс болған және зардап шеккен жолаушылардың туыстарына бұрындары алып қойған өз билеттерін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Екі күнде Нұр-Сұлтаннан Алматыға апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қайтыс болған және зардап шеккен жолаушылардың отбасының 33 мүшесі жеткізілді. Коммерциялық жолаушылардан зардап шеккендерге орындарын босатып беруді сұрады. Жанашырлық танытып, өз орнын берген азаматтарға алғыс айтамыз. Әркімнің өз жоспары, отбасы барын білеміз, әсіресе Жаңа жыл қарсаңында. Біраз адам адамгершілік әрекет жасады. Бүгін 11 баланың анасын жібердік, оның бір баласы әуе апатынан зардап шекті, ол қалған он баласымен ұшуды сұрады. Барлығын қабылдады", - дейді Air Astana әуекомпаниясының кірістерді басқару директоры Ерболат Байсылықов.

Bek Air рейстеріне билет алған, алайда күші жойылған жолаушылары Bek Air рейсіне билеттерді сатып алу құны бойынша ұқсас бағыттарда бос орындар болған жағдайда Air Astana және Qazaq Air қызметтерін пайдалана алады. SCAT компаниясы жолаушыларға тапсыру ведомосі негізінде ұшақтарда орын беруге дайын. Сондай-ақ, Air Astana Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында қосымша рейстер ашты. Жолаушылардың жақын туыстары тегін ұшады. Жаңа жылдық мереке кезінде қосымша рейстер ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден бөлінеді. Қажетті қаржылай көмек барлық зардап шеккендерге көрсетілетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети