15 қыркүйек 2015 14:29

Қазақстандықтарға "ессіз Мақсатты" ұру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Олжас Бибанов © Олжас Бибанов

Қазақстандықтарға "ессіз Мақсат" (резонансты жол апаттарының қазақстандық антикейіпкеріне қатысты айтылған жинақтама бейне) бейнеленген арнайы грушаны ұтып алу ұсынылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұялы байланыс операторларының бірінің өкілі Олжас Бибанов хабарлады. Суретте "ессіз Мақсат" жол талғамайтын, шамдары мен отшашқыштары бар көліктің ішінде отыр.


Қазақстандықтарға "ессіз Мақсат" (резонансты жол апаттарының қазақстандық антикейіпкеріне қатысты айтылған жинақтама бейне) бейнеленген арнайы грушаны ұтып алу ұсынылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұялы байланыс операторларының бірінің өкілі Олжас Бибанов хабарлады. Суретте "ессіз Мақсат" жол талғамайтын, шамдары мен отшашқыштары бар көліктің ішінде отыр.

Айтуынша, "ессіз Мақсат" сынды кейіпкерлер адамдарды жиіркендіреді. "Біз оны грушаға ұқсас сөмкеге салдық. Оған құм толтырып, ұруға болады. Сөмке арнайы, мықты кендірден жасалған", - деді Бибанов.

"Ессіз Мақсат" өзі ләззат алатын нәрсенің барлығын істейді және оны өзіне лайықты санайды. Сонымен қатар, оның әрекеттерінің барлығы қоғамдық мүддені тілгілейді. Бұл кейіпкер біздің елде жиі кездеседі. Ондай адамдар туыстарының арқасында белгілі бір қаржылық жағдайға қол жеткізіп, әдемі өмірге массатанып, өздерін кез келген жамандықтан біреулердің құтқарып алатынына сенімді болады. Олар өмір сүру құқығымыз жоғары, кісі өлтіруге лицензиямыз бар деп есептейді. Олар адамды басып кетіп, жазаланбайды, орта ғасырдағыдай ақша беріп құтыла салады. Сондықтан біз оларды "ессіз Мақсат" деп атаймыз", - деді Бибанов.

Сонымен қатар, елі үшін мақтануға себеп болған қазақстандықтарды еске түсіру ұсынылды. "Мысалы, Бекзат Саттарханов, ол биыл 35 жасқа толатын еді. Ол қазақстандықтарды елі үшін мақтануға себеп болды, жастарды спортпен айналысуға үгіттеді", - деді Бибанов. Еске сала кетейік, Саттарханов 2000 жылы жазғы Олимпиада ойындарында жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды. Ол сол жылы жол апатынан қайтыс болды. Аты аңызға айналған боксшының суреті футболкаға салынды. Ал жәдігерлік сөмкеге біз армандаған болашақ Қазақстан бейнеленді. "Біз оларды аса жоғары технологиялы болады деп ойладық және талпынуымыз тиіс мақсат та сол", - деді компания өкілі. Жәдігерлер ұтыс ойындары арқылы таратылады, олар жыл соңында өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети