23 қаңтар 2016 11:13

Қазақстанның эстрада жұлдыздары түскен вайндар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Baistars.kz © Baistars.kz

Қазақстанның эстрада жұлдыздары вайн түсіру сәнінен қалыс қалмай, Instagram желісіндегі оқырмандарын қызықты вайндарымен қуантып жүр. Кейбір видеолар барлық әлеуметтік желіге тарап, нағыз хитке айналып та жатыр. Baistars.kz отандық жұлдыздар түсірген үздік вайндарды топтастырды.


Қазақстанның эстрада жұлдыздары вайн түсіру сәнінен қалыс қалмай, Instagram желісіндегі оқырмандарын қызықты вайндарымен қуантып жүр. Кейбір видеолар барлық әлеуметтік желіге тарап, нағыз хитке айналып та жатыр. Baistars.kz отандық жұлдыздар түсірген үздік вайндарды топтастырды.

Мейрамбек Бесбаевтың үнді актерін салғаны түсірілген видео Интернетте нағыз хитке айналды.

Қайрат Әділгерейұлының Өскеменнің аязын әзілге айналдырған бейнеролигі әлі күнге дейін көпшіліктің көзайымына айналып жүр.

Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдыздың dubsmash видеосына түсірген пародиялары да хитке айналды.

 "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдрайымов та dubsmash видеомен тәжірибе жасап көрген екен.

Қайрат Нұртастың "Қазақтың жігіттері арыстандай ғой" деп түсірген видеосы флешмобқа айналған болатын.

Сонымен қатар, Қайрат Нұртас @queeex вайнер достарын қолдау мақсатында олардың екі бірдей видеосына түсті.

Илья Ильин "Марсианин" фильмі шығатын кезде оқырмандарының көңілін осылай көтерген еді.

Қазақстанда миллион көрермен жинап, Instagram желісінде үздік вайнер саналып жүрген @batyroff -тың "Ринго" тобымен түсірген вайнында достардың арасында күнделікті болып жүрген жағдай көрсетілген.

Жүлделі орынды Mysterions тобының мүшесі Дильенге беруге болады. Оның Нұржан Төлендиевтің сахналық кейіпкерлерін салған видеолары көптің көңілінен шықты. Тыңдармандары әншінің актерлік шеберлігіне тәнті болып жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети