10 маусым 2016 09:42

Қазнет қолданушылары қазақ тілін меңгерген мәскеулік студенттерге ризашылығын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Мәскеулік университеттердің бірінің студенті ресейлік жастардың қазақ тілін жақсы меңгергенін көрсетіп, бұл туралы видеоны Интернетке жүктеді. "Біз құрбыларымызбен бірге университетте қазақ тілін шет тілі есебінде 4 жыл оқыдық. Сіздерге соның нәтижесін көрсетемін", - деп жазды қыздардың бірі - Ксения Букова Instagram парақшасында.

Интернет қолданушылары роликке жазылған пікірлерінде таңданысын жеткізген. "Жарайсыңдар. Таңғалып отырмын. Бізде қазақтардың өзі қазақша білмейді", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Қазақтарға ұнайды))) жарайсыңдар, қыздар", - деді тағы бірі.

"Үлкен рақмет. Құрметтеуге лайық іс. Алғыс айтамыз! Қазақстанның атынан", - деп пікір қалдырды тағы бір қолданушы.

Айта кетейік, Ксения мен оның құрбыларының парақшаларынан студенттердің қазақтың ұлттық киімінде түскен суреттерін де көруге болады. Сурет Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген. Қыздар суретке қазақ тілінде сипаттама жазып, жариялапты (Ескерту: сурет сипаттамалары өзгертілмеген күйде беріліп отыр):

Бәрi қазақтарға мерекемен кұттықтаймын!

Қыздаррр! Наурызбен құттықтаймыз!

Сен неге қазақша сөйлеймейсiн?

Қазақтар және қырғыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети