10 мамыр 2017 11:43

Қазнетті ерекше биімен тебіренткен қыз өзі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айжан Жакулаева, кәсіби биші. © vk.com Айжан Жакулаева, кәсіби биші. © vk.com

Таяуда Қазнетте мүгедектер арбасына таңылған қыздың биі жарияланып, қолданушыларды тәнті еткен еді. Сөйтсек, ол Қазақстанда осы спорт түрінен бірнеше рет жеңімпаз болған кәсіби биші болып шықты. Видеодағы қыз Айжан Жакулаева Tengrinews.kz тілшісі өзі жайлы айтып берді.


Таяуда Қазнетте мүгедектер арбасына таңылған қыздың биі жарияланып, қолданушыларды тәнті еткен еді. Сөйтсек, ол Қазақстанда осы спорт түрінен бірнеше рет жеңімпаз болған кәсіби биші болып шықты. Видеодағы қыз Айжан Жакулаева Tengrinews.kz тілшісі өзі жайлы айтып берді.

Биші қыз Шымкентте тұрады екен. Оның би билегені туралы видео Шымкент каласы Оңалту орталығында түсіріліпті. Айтуынша, 2011 жылы омыртқасында қатерсіз ісік шығып, ота жасатқаннан кейін сол уақыттан бері дәрігерлер оған арбамен жүруге кеңес берген. Мектеп жасынан би өнерімен айналысып жүрген ол мүгедектер арбасына отырғаннан кейін де қызығушылығына берік.

"Омыртқамда қатерсіз ісік шыққаннан кейін осымен алтыншы жыл арбамен қозғаламын. Бірақ осындай "танцы на коляске" деген спорт түрі бар екенін біліп, шұғылдана бастадым. Қазір жарыстарда бірге өнер көрсетіп жүрген Ермек Қалымбетов деген серігім бар", - дейді 27 жастағы биші.

Өнер жолына түскен биші қыз ел ішінде түрлі жарыстарға қатыса бастайды. Ал 2016 жылы Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіске жетіп, сол жылы осы спорт түрінен Қазақстан Кубогын жеңіп алыпты.

"Бізде осы биді үйрететін арнайы спорт мектебі бар. Жаттықтырушым - Дария Жұмаділаева. Жалпы өзім биге бала кезімнен құмармын. Әрине, арба үстінде билеу өте қиын, бірақ бұл өнер түрінде жансыз арбаны өз аяғыңдай сезінуің керек", - дейді ол. 

Айжанның бүгінгі арманы - өткен күндердегідей өз аяғымен билеу. Бірақ әзірше дәрігерлер қандай да бір болжам жасамай отыр екен.


Суреттер Айжан Жакулаеваның жеке мұрағатынан алынды

Айта кетейік, қазіргі таңда видеоны 23 мың адам қарап үлгерген. Роликке 3,5 мыңнан аса лайк басылып, қолданушылар қыздың ерекше икемі мен шеберлігіне тәнті болғанын жазып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети