Қазнетте блогер Ержан Рашевтің төбелескені түсірілген видео пайда болды

06 Желтоқсан 2017, 15:04
0
Қазнетте блогер Ержан Рашевтің төбелескені түсірілген видео пайда болды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Қазнетте танымал блогер Ержан Рашевтің төбелескені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, төбелес Ғалымжан Молданазардың клипінің түсірілімдері кезінде болған. Төбелес шығарған ер адамдарды түсірілімнің басқа қатысушылары ажыратпақшы болады.

Алайда Молданазардың өкілдері мен Рашевтің өзі бұл видеоға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Төбелестің себебі де әзірше белгісіз.

Айта кетейік, Ержан Рашев осыған дейін Instagram желісіндегі парақшасында Ғалымжан Молданазармен түскен суретін жариялаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай